Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Геннадий Головкинге есімін Генабек деп өзгерту ұсынылды

Олардың айтуынша, ұлттық ерекшелікті айқындап, шетелде жүріп туған қаласының және Қазақстанның имиджін арттыра түсу үшін боксшыға Генабек Қара-Бас атты жаңа есім берілу керек. “Қара” сөзі Қарағанды туралы айғақтап тұрса, «Бас» сөзі қазақшадан орысшаға аударғанда «Голова», яғни, оның бұрынғы тегін еске салып қана қоймай, сонымен қатар боксерлік қабілетінің ерекше екенін де көрсетеді.

Оның жерлестерінің айтуынша, боксшы шаршы алаңға шыққанда қазақ мәдениеті айрықша көрініп тұруы қажет. Жекпе-жектің басында және соңында киіп шығатын ұлттық шапан, әрине, жақсы, алайда бұл тым аздық етеді.

Ұлттық ерекшелікті айқындай түсу үшін жерлестері Геннадийден мұрты мен сақалын өсіріп, шашын алып тастауды ұсынды. Сондай-ақ оның шолақ шалбары қазақтың дәстүрлі «дамбалын» еске түсіріп тұруы қажет. Алайда қарағандылықтар ең ұтымды нұсқа ретінде Головкиннің шаршы алаңға қазақтың тақиясын киіп шығуын дұрыс санап және оны жекпе-жектің соңына дейін шешпеуін ұсынып отыр.

Соққылар тиген кезде тақия ұшып кетпеуі үшін оны басына арнайы скотчпен жабыстырып қою керектігін айтады.
Қазақстандық бокссүйер қауымның айтқан ұсыныстарын ескере отырып, ҚМО мен Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі мұсылмандық комитет халықаралық бокс ұйымына ережелерге өзгеріс енгізіп, Геннадий Головкинге жаңа киім үлгісімен өнер көрсетуіне рұқсат беруін сұрап үндеу жолдады.

photo_45964

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз