Атақты кәсіпқой боксшы, жерлесіміз Геннадий Головкин Қазақстан экономикасына инвестиция салмақшы. Оның қатысуымен Қарағандыда көмір байыту өндірісі ашылады.
Бұл туралы спортшы „Хабар„ телеарнасына берген экслюзив сұхбатында айтты.
– Бұл идея Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен кейін пайда болды. Ол кісі: “Барлығын құлат та, сосын елге орал” деген еді. Яғни, Президенттің айтуымен мен Қазақстанға инвестиция салып жатырмын деп айтуға болады. Өз отаның үшін әркез жақсы нәрселер жасау керек, – дейді WBA, IBF, WBC версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин.