Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Геннадий Головкин сыйлыққа берілген екі пәтерін сатып жатыр

«Шынымен, Геннадий Головкин «Премьера» тұрғын үй кешендегі екі пәтерін сату үшін бізге хабарласты. Баспаналарын сату шарасы сатып алушылар арасында үлкен дүрлікпе тудырды, өйткені олардың белгілі боксшының титтей болса да энергетикасын алуға мүмкіндігі туды. Біз бәріміз Геннадий қанша жекпе-жекке шығып, әлі ұтылмағанын білеміз»,– деп бөлісті сату жөніндегі менеджер Ерғазы Мұсатаев.

Риелтордың ақпараты бойынша, пәтерлер қыркүйектің 27 күні сатыла бастаған. Сол уақыттан бері телефонда маза жоқ. Головкиннің пәтерін алғысы келетіндер өте көп. Пәтерлер екінші қабатта – екі және үш бөлмелі. Олардың ауданы – 63,4 және 112,9 шаршы метр. Спортшы бұл пәтерлерде ешқашан тұрған емес. Баспана әрленіп бітпеген күйінде тапсырылған. Сатыпалушылардың иесімен саудаласу мүмкіндігі бар.

«Әрине, адамдар Головкиннің үйін көргісі келеді, сонымен қатар олар оның өтімділігі туралы білгісі келеді. Тұрғын үй кешені сол жағалаудың орталығында, «Астана Опера» мен цирк ғимараты, сауда орталықтары жанында орналасқан. Ол жерде өмір қайнап жатыр. Пәтерлердегі ас бөлме мен жатын бөлме бөлек. Төбесінің биіктігі – 3,3 метр. Пәтерлер бір алаңда орналасқандықтан, оларды біріктіріп алу мүмкіндігі бар», – деп түсіндірді Мұсатаев.

Сондай-ақ, маман келісім-шарт жасау кезінде белгілі боксшымен кездесудің қаншалықты мүмкінігі бар екенігі туралы сұраққа жауап беру кезінде, бәрі де мүмкін екенідігін айтты. Дегенмен, бұл ақпарат құпия екенін де жеткізді. Сатып алушы үшін бұл процедураға екі сағат уақыт кететін мәлімдеді. Сонымен қатар, менеджер сатыпалушы пәтер құнынан бөлек, агенттік қызметі үшін бір пайыз көлемде ақы төлейтінін еске салды.

photo_45964

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз