Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Геннадий Головкин спорттан қашан кететінін айтты

Спорттық мансабымның аяқталуына 2, мүмкін 3 жыл ғана қалды.

Менің боксшыларды күтетін уақытым жоқ”, – деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com.

“Менімен жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жасауға батылы барған боксшыларды құрметтеймін”, – деп жауап берді Головкин Канело туралы қойылған сұраққа.

Ал мексикалық боксшы Альварес болса, Головкинге жауап ретінде: “Өзіне жақындатқан адамдары оны өзгертіп жіберді. Ол сандырақтай береді. Головкинді оны қоршаған адамдар өзгертті” деген болатын.

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, Головкин мен Альварес шаршы алаңға 2017 жылы шығады. Екі команданың ауызша жасалған келісімі бар екен.

Осылайша, Головкин келесі жекпе-жегінде 30 жастағы ағылшын, жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брукпен кездеседі. Олардың кездесуі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта (160 фунт) өтеді. Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. 34 жастағы Головкин 35 рет жеңіске жеткен, оның 32-сі уақытынан бұрын аяқталған. 30 жастағы Брук 36 рет жеңіске жетіп оның 25-ін нокаутпен аяқтаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз