Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Геннадий Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшы деп танылды

Бұл тізімде қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр, оның қоржынында кәсіби рингтегі 36 жеңіс (33 КО) бар және ешқашан жеңіліп көрмеген. Екінші орынға портал журналистері ресейлік боксшы Сергей Ковалевты (30-0-1, 26 КО) қойған, ал үшінші орын – америкалық Теренс Кроуфордқа (29-0, 20 КО) тиесілі.

«Орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF белбеулері бар Головкин бокс әлеміндегі ең танымал есім. Ол ең қауіпті боксшы екенін дәлелдеді және тек қана үздіктермен жұдырықтасқысы келеді. Көптеген қарсыластар GGG-мен кездесуден қашып, атақтарынан бас тартады», – деп жазды басылым.

Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі аптада Геннадийдің жаттығуға оралатынын және желтоқсанда өтетін кездесуге дайындалатынын хабарлаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз