Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Газ толтыратын бекет жарылып, күйік шалған екі адам басқа жаққа тасымалдауға жарамсыз – дәрігер

Күйік шалғанның бірі газ толтыратын бекеттің операторы болса, тағы бірі сол араға келген көліктің бірінің жүргізушісі. Екеуі де 60-ты алқымдап қалған ер адамдар.

– Екеуі де қатты күйіп қалған. Біреуінің дене терісінің 95 пайызын, тағы бірінің 75 пайызын күйік шалған. Жағдайлары өте ауыр деп бағаланады. Қажетті дәрігерлік емдік шаралардың барлығы қолданылып жатыр, – деді Жұмабек Шайхиев.

Сондай-ақ аудандық орталық ауруханының директоры күйік шалған жігіттерді басқа жаққа тасымалдауға болмайтынын, оған жарамсыз екенін де айтады.

Кеше Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында „Алау„ ЖШС-ға тиесілі газ толтыратын бекетте жарылыс болып, екі ер адам зардап шеккен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз