Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

19 просмотров

2016 жылдың 10 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Колумбияның үш қаласында — Медельин, Кали және Букарамангада футзалдан Әлем чемпионаты өтеді, деп жазды Sports.kz.

41c6f863f1e3483e6afad7949ab3bfed

Бүгін түнде жеребе өтті. Оған сәйкес, Қазақстан «E» тобына түсті. Онда Аргентина, Коста-Рика және Соломон аралдары бар.

2016 жылғы Әлем чемпионатындағы топтық кезеңдегі Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:

12 қыркүйек, Букараманга
Аргентина — Қазақстан

15 қыркүйек, Букараманга
Коста-Рика — Қазақстан

18 қыркүйек, Медельин
Қазақстан — Соломон аралдары.

Загрузка...