2016 жылғы әлем чемпионатының аясындағы алғашқы ойында Е тобындағы Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен Аргентинадан ұтылып қалды.
Алайда Қазақстан құрамасының өз тобында екінші орын алып, жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алу мүмкіндігі зор. Өйткені бұл топта ойын деңгейі жағынан Қазақстаннан әлдеқайда төмен саналатын Коста-Рика мен Соломон аралдарының командалары бар.