Францияда Абайдың ескерткіш-бюсті ашылды

19 просмотров

Қазақтың данагөйі құрметіне арналған ескерткіш-бюсті Францияның Ренн қаласындағы Алматы саябағынан орын теуіпті.

Бұл туралы дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали кеше өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

«Бүгін, яғни 13-қазанда Францияның Ренн қаласындағы Алматы саябағында Абай атамыздың ескерткіші ашылды. Француздың атақты ақыны Луи Арагон «Біздің французда Абайға тең келер ақын жоқ. Болған емес. Оның шығармалары ХІХ ғасырдың ең үздік классикасына жатады» деген екен. Кешке осы шараға байланысты арнайы концерт береміз. Инша Алла концертіміз сәтті өтсе екен», — деп жазды әнші парақшасына.

14691306_1778237665724108_3605788260889963960_o

Загрузка...