Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Франция түрмесіндегі Мұхтар Әблязов босапты. Туған-туыстары солай дейді

Ал экс-банкирдің қызы әкесінің өз орталарына оралып, үстел басында отырған мына суретін де жариялаған.

Айта кетейік, кеше, 9-желтоқсанда Францияның Мемлекеттік кеңесі Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы қаулының күшін жойды.

Тұтқындалған бизнесменді Ресейге беру туралы жарлыққа елдің премьер-министрі Мануэль Вальс 2015 жылдың қыркүйегінде қол қойған болатын, алайда Әблязовтің адвокаттары апелляциялық шағым түсірген еді.

“Әблязовтің экстрадициясы саяси мақсаттарда сұралған деуге негіздер бар немесе осыдан оның саяси жағдайы нашарлауы мүмкін”, – деп мәлімдеді Мемкеңестің отырысында баяндама жасаған адам.

AFP мәліметінше, Мемкеңес мұндай қадамға бұған дейін бір-ақ рет барған. Ол кезде испан оппозиционерін Франко билігі сұраған болатын.

Еске салайық, қазақстандық БТА Банктің бұрынғы басшысы Әблязов 2013 жылдың шілдесінде француздың Альп тауларында ұсталып, содан бері Париждің оңтүстігіндегі Флери-Мерожи коммунасындағы абақтыда жатқан. Ол бірқатар қылмыс жасады деп айыпталды, сол айыптардың ішінде алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, өкілеттікті теріс мақсатта пайдалану баптары болған. Ал оның келтірген жалпы шығыны бірнеше миллиард долларға бағаланған.

Әблязовтің банк басшылығындағы қызметі Ресейде, Қазақстанда және Украинада қылмыстық қудалауға ұшырады, алайда экс-банкирді Ресей мен Украина ғана сұрап отыр, себебі Астана мен Париж арасында экстрадиция туралы келісім жоқ. Әблязовқа қатысты іс 2009 жылы қозғалған еді, содан бері ол Қазақстаннан қашып кетіп, көп уақыт бойы Ұлыбританияда өмір сүрді, кейін бұл елден де кетуге мәжбүр болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз