БҰҰ-дағы сенегальдық дипломат Фатма Самура Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) тарихындағы ұйымның бас хатшысы лауазымындағы алғашқы әйел болды.
«Кеңес Самураның кандидатурасын қолдады. Ол кеңес дайындаған стратегияны ендірумен шұғылданады. Мен әр адамның қабілет-қарымына, жан-жақтылығына сенемін. Сөз емес, фактіге жүгінемін. Фатма осы бағытта бірден бір лайықты кандидат. Ол өткеннің емес, болашақтың адамы»,-деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.