Фермердің пікірі: «Жер мәселесін саясиландырудың қажеті жоқ»

22 просмотров

Оңтүстікқазақстандық фермер Қайнар Абасов жер мәселесін саясиландырмауды ұсынды.

Бұл туралы ол Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшелерінің Алматы облысының халқымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ауыл шаруашылығында шешілуі тиіс көптеген проблема бар. Ауыл шаруашылығы елімізді асырап отыр және дамып келеді. Әрине, қаржы жетіспеуде, алайда оны тартуға мүмкіндік бар.

Бізге шетелдік капитал керек. Қаласақ та, қаламасақ та, бізге шетелдік қаржы, технология мен техника керек.

Тұтас жерді пайдалануға қатаң бақылау орнату қажет. Сонда қазақстандықтар мен шетелдік инвесторлардың қайсы жерді қаншалықты жақсы игеретіні белгілі болады», — деп атап өтті шаруа.

Қайнар Абасовтың пікірінше, егер жерді сату тоқтатылса, бұған дейін жер иеленгендерге де тыйым салуға тура келеді.

 «Қатаң бақылау арқылы жан-жақты даму жолдарын қарастыру керек. Біздің еңбегіміз зая кетпейді. Егер адамдар шетелдіктер келіп, жерімізді тарты алады деп алаңдайтын болса, онда бұл өзімізді-өзіміз қорлағанымыз. Жер мәселесін саясиландырудың қажеті жоқ. Біз бұл елді Президентпен бірге көтердік, оны ешкімге бермейтінімізді түсінетін уақыт болды», — деп түйіндеді Абасов.

Загрузка...