Ферғана.ру: «Миына қан құйылған Ислам Кәрімов қайтыс болды»

3 596 просмотров

Өзбек президенті Ислам Кәрімов қайтыс болды. 

Бұл туралы «Ферғана.ру» ақпараттық агенттігі хабарлады. Аталған агенттіктің дереккөздері хабарлағандай Кәрімов Ташкент уақытымен сағат 15:16-да көз жұмған.

Алайда өзбек билігі бұған қатысты қандай да бір ресми мәлімет берген жоқ. Өз кезегінде Риа Новости-ға пікір бірген өзбек президенті аппаратының өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарыпты. «Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Президент ауруханаға түсті. Оның жағдайы қалыпты» дейді ол.

Айта кетелік, бұдан бұрын Кәрімовтың қызы Лола Кәрімова-Тилляева әкесінің басына қан кеткенін айтқан болатын.

Ал Өзбекстанның Халықтық оппозициялық қозғалысының дерегінше, 78- жасар Кәрімов өзін Олимпиададан Өзбекстан ұлттық құрамасын марапаттау кезіндегі банкетте нашар сезінген. Банкет 26 тамызда «Дүрмен» резиденциясында өткен.

Спортшылардың жеңісіне қуанған Кәрңмов алкоголь өнімдерін шектен тыс мөлшерде ішіп қойған. Сол күні түнде өз әкімшілігінің басшысы Зелимхан Хайдаровпен әңгімелесіп отырған Кәрімов аяқастынан есінен танып қалған.

Кәрімов Өзбекстан президентінің орынтағына 1991 жылы отырды. Содан бері билік құрып келген.

1475547260

Загрузка...