«EXPO-2017» көрмесі үшін 200 ақтөбелік арнайы оқытылады

31 просмотров

«EXPO-2017» көрмесінде қонақтарға қызмет көрсетуге ерік білдірген 200 ақтөбелік арнайы оқытылады.

Облыстық жастар саясаты басқармасының тапсырысы бойынша біліктілікті жетілдіру сабағы ертең басталып, төрт айға созылады, деп хабарлайды Bnews.kz.

— Халықаралық көрмеге қатысқысы келіп, ерік білдірген адам көп. Көрмеге Ақтөбе облысынан 200 волонтерь қатысуды жоспарланып отыр. Оларды дайындауды облыстық жастар саясаты басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қоры жүзеге асырады. Дайындық жұмыстары ертең басталып, қарашада аяқталады. Оқуға ағылшын тілін меңгерген, кәмелет жасқа толған облыстың кез келген тұрғыны қатыса алады, — дейді «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қоры облыстық филиалының директоры Асылжан Бүркіталин.

Айта кетейік, сабақ тек сенбі, жексенбі күндері өтеді. Волонтерлер «EXPO-2017» көрмесі туралы толық ақпарат алып, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді. Сонымен қатар, олар көлікпен қамтамасыз ету, қонақ үйге орналастыру, тамақтануды ұйымдастыру тетіктерін меңгереді. Дәрісті Астана қаласындағы семинарға қатысып келген тәжірибелі волонтерлер жүргізеді.

Загрузка...