Евро-2016 футбол додасының бас жеңімпазы 27 миллион евро ұтады

67 просмотров

Биыл УЕФА ұйымы жарыстың жалпы жүлде қорын арттырып, ұтысқа 301 млн евро тігіп отыр. Демек, жарысқа қатысатын 24 мемлекеттің футбол командалары 301 млн евроны өзара бөліседі.

Жалпы, swim.by сайты келтірген дерекке сүйенсек, Еуропа чемпионатына қатысқаны үшін ғана 24 команданың әрқайсысы 8 миллион евродан алады.

Ал топтық кезеңдегі кездесуі үшін, оның ішінде, жеңгендері — 1 миллион евро, ал тең түскендері 0,5 миллион евро еншілейді.

1/8 финалға өткен команда — 1,5 миллион, ал ширек финалға өткені — 2,5 миллион, жартылай финалға жолдама алғандары — 4 миллион евро иеленеді.

Финалға шыққан құрамаларға 5 миллион евродан табыс етіледі. Ал турнирдің жеңімпазы қосымша 8 миллион евроны алады.

Осы жағынан алғанда, Евро-2016 футбол сайысының жеңімпазының жалпы табысы 27 миллион евроны құрамақ.

Екінші орындағысы 24 миллион, жартылай ширек финалда қалғандар шамамен 19 миллион евро табыс табады.

Ал УЕФА-ның өзі бұл сайыстан 450-500 миллион евро табыс алуымыз керек деп болжайды.

Соңғы 16 жыл ішінде футболдан өткен Еуропа біріншілігінің жүлде қоры 3 есеге өсіпті:

Евро-2000 = € 109 миллион
Евро-2004 = € 202 миллион
Евро-2008 = € 205 миллион
Евро-2012 = € 215 миллион
Евро-2016 = € 301 миллион

Еске сала кетейік, өткен аптада Франция жерінде Еуро-2016 футбол жарысы басталды. Төрт жылда бір өтетін додаға 24 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр.

Загрузка...