Эверест шыңында тағы 2 альпинист қаза болды

36 просмотров

Эверест шыңын бағындырған голландиялық Эрик Арнольд пен австралиялық Мария Стридом таудан төмен түсіп келе жатқанда қаза тапты. Болжам бойынша, альпинистердің өліміне гипоксия, былайша айтқанда тау ауруы себеп болған.

21162d6f50d23b9e78187e85ee46d9fb
35 жастағы Арнольд таудан түсер кезде әлсізденіп, Оңтүстік асуының жанында көз жұмды.

Көз ұзамай дәл осы альпинистер тобына кірген 34 жастағы Мария Стридом да қайтыс болды. Одан да тау ауруының белгілері байқалған, деп жазады ВВС.

1953 жылы Эверест шыңын бағындыру басталған сәттен бері тау бөктерлерінде 200-де аса адам қаза тапқан.

 

Загрузка...