Еуровидение-2017 байқауы өтетін қала анықталды

71 просмотров

Еуровидение-2017  ән байқауы Киевте өтетін болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы брифинг барысында УҰТА бас директоры Зураб Аласания мәлімдеді деді РБК-Украина тілшісі. Еуровидение өткізуге өтінімді Киев, Днепр, Одесса, Львов, Харьков және  Херсон қалалары берген.

«Дауыс беру кезінде 19 дауыс Киев қаласына, екі дауыс — Одессаға берілді, біреуі қалыс қалды. Солай таңдадық», — деді Аласания.

Өткізу орны ретінде Днепрдің сол жағалауында орналасқан Киевтегі халықаралық көрме орталығы таңдалды.

Загрузка...