Түнде футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы матчтың шымылдығын түрген Франция мен Румыния құрамаларының ойыны 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс алаң қожайындарының еншісіне бұйырды.
Француздар сапынан алғашқы голды ойынның 57-минутында Оливье Жиру салды. Көп ұзамай румындардың сапынан 64-минутта Станку пенальтиден есеп теңестірген еді.
Матчты венгриялық төрешілер бригадасы басқарады. Ойынның бас төрешісі – Виктор Кашшаи.
Кездесудің қайталауын ертең «Kazsport» телеарнасынан сағат 13:00-де тамашалауға болатынын айта кетелік.
Францияда футболдан Еуропа чемпионаты болып жатыр. Біріншіліктің аясы биылдан бастап кеңейіп, құрлықтық додада алғаш рет 24 команда ойнайтын болды. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матч тамашалай алады.
Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.
Барлық матчтар «Қазақстан» мен “Қазспорт” телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.