«Еуро-2016» чемпионы Португалия құрамасын халқы қалай қарсы алды? (видео)

109 просмотров

Ірі футбол турнирлері ұйымдастырушыларға қомақты табыс әкелетіні белгілі, алайда 2016 жылғы Еуропа чемпионаты ерекше сәтті өтті. УЕФА құрлықтық доп додасынан 1,93 млрд еуро табыс тапқанын жариялады, бұл төрт жыл бұрынғы біріншілікпен салыстырғанда 34 пайызға көп.  

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды. 

Португалия елдің футболдан ұлттық құрамасын нағыз батыр ретінде қарсы алды. Ол түсінікті де, өйткені бұл ел футболдан еуропа чемпионатында алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Финалда португалдықтар француздарды 1:0 есебімен ұтып кетті.

Құраманы Португалия президенті Марселу Ребелу де Соузаның өзі қарсы алып, команда капитаны Криштиану Роналду мен финалдағы жалғыз голды соққан Эдерді ерекше құттықтады.

Загрузка...