Ескі ақшаларды айырбастап үлгеруге үш жарым ай қалды — ҚР Ұлттық банк

23 просмотров

ҚР Ұлттық банкі еліміздің азаматтарына биылғы қазан айына дейін ескі ақшаларын ауыстырып алу керектігін ескертеді.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, алдағы үш жарым айдан кейін бірқатар банкноттар айналымнан алынады.

Атап айтқанда, алдағы қазан айынан бастап 2006 жылы басылып шығарылған 2000, 5000, 10 000 теңгеліктермен төлем жасауға тыйым салынбақ. Сондықтан Ұлттық банк қазақстандықтарға ескі ақшаларын алдағы үш жарым айдың ішінде ауыстырып алуларына кеңес береді.

Ал оған үлгермегендер теңгелерін коммерциялық банктерге өткізе алады. Ол үшін ешқандай комиссия алынбайды. Осылайша тозығы жеткен теңгелерді жаңа банкноттармен алмастырған Ұлттық банк алдағы уақытта 200 және 500 теңгеліктердің де жаңаруы мүмкін екенін айтады.

Загрузка...