Ескертуді елемей екі ұшақ Қазақстаннан Түркияға ұшып кетті

922 просмотров

Түркиядағы әскери төңкеріс әрекетіне байланысты, негізінен, 15 рейстің ұшуы шегерілген екен. Бірақ оның екеуі ескертуге қарамастан Қазақстаннан ұшып кеткен.

Бұл туралы шұғыл брифинг өткізген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Қамалиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Біздің қолда бар мәліметке сүйенсек, Ыстамбұл, Анкара қалаларының әуежайларындағы жағдай қиын. Анталия әуежайына қатысты айтар болсам, қазір Түркияның авиация саласындағы билігімен байланысқа шығып, қосымша хабарлайтын боламыз, — деді Берік Қамалиев.

Вице-министрдің хабарлауынша, түннен бері Қазақстаннан Түркияға ұшатын 15 рейс кейінге шегерілген. Алайда, бір чартер және бір жүк әуе кемесі еш жағдайға қарамастан, Түркияға ұшып кеткен.

Загрузка...