Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Есірткіге елтіп екі адамның өліміне себепші болды

ІІД-нің баспасөз қызметі 26 жастағы ер адамның оқиға орнында жан тапсырғанын, ал 23 жастағы бойжеткеннің қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, сонда көз жұмғанын хабарлады.

– Бұл оқиғаға көп адам куә болған, – деп жазады kstnews.kz.

Қаза болғандар жолаушыларға арналған жолмен өтіп бара жатқан. Сол кезде Баймағамбетов көшесі жағынан «ZAZ Chance» көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, аталмыш көліктің жүргізушісі орталық көшеде басқа көлік жүргізушісімен жарысқан.

Көлікті басқарған адам бірден ұсталды. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің қарсылық танытпағанын атап өтті. Жол апатына кінәлі адам медициналық куәландырудан өткен соң, оның қанында канабоидтер, яғни есірткі болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз