Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Есірткі тасымалдаған шымкенттік әйел ұсталды

Биыл 13 тамыз күні, оңтүстіктің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдері «Көкнәр -2016» жедел алдын-алу іс-шаралары кезінде Түлкібас ауданы аумағындағы Алматы-Термез тас жолында «Шевролет» автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді.

1967 жылғы келіншек тізгіндеген автокөліктің капотының астынан полицейлер полиэтиленді пакеттегі айрықша иісті, күңгірт-жасыл түсті, марихуанаға ұқсас есірткі затын анықтап, тәркіледі.

Ал, ұсталған күдіктінің үйіне тінту жүргізген полицейлер үйінің ауласындағы талдың түбіне жасырынған, ішінде героинге ұқсас есірткі заты бар 20 дана полиэтиленді ораманы анықтап, тәркіледі.

Сот-криминалистикалық сараптамасы табылған заттардың жалпы салмағы 200 грамды құраған «марихуана» және 90 грамм «героин» есірткі заттары екенін көрсетті.

Аталған жайт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айтып өтейік, Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен жыл басынан бері есірткіге қатысты 610 құқықбұзушылық тіркеліп, оның ішінде есірткі қылмыстары 200-ден астам деректі құраған. Полиция қызметкерлерімен жалпы 4,5 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленіп, оның ішінде тәркіленген «героин» есірткісінің салмағы 9,5 келіні құрады.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз