Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мүгедек адамның протезінен есірткі табылды

Төлқұжатын тексертіп, терминал залына өткеннен кейін шекарашылардың қызметтік иті әлгі жолаушының оң жақ аяғындағы протезін иіскелеп тұрып алды. Бұл – есірткі бар болуы мүмкін деген белгі. Амалсыз әлгі адамның протезін шешуге тура келді.

Шекарашы ит қателеспепті. Протездің ішінен ақ шүберекке оралған пакет шықты. Пакеттің ішін ашқанда одан 19 дана сіріңке қораптарына бөліп салынған «гашиш» шыға келді. Салмағы 650 грамға жетіп жығылды.

Сондай-ақ, осы күні Қырғызстаннан келе жатқан Ресей Федерациясының азаматы да қолға түсті.

Әлгі азаматтың қолсөмкесін «Рапискан» аппараты арқылы өткізгенде оның ішінен дезодорант қалбырына салынған, салмағы 10 грамдай болатын «гашиш» бар екендігі көрінді.

Тергеу амалдарын жүргізу үшін материалдар Қордай аудандық ішкі істер органдарына берілді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз