Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Есікте Жібек Мусинованы зорлаған күдіктілерге қатысты дәйектер жоғалып кеткен

Жәбір көрген келіншек мұны жауаптан жалтарудың амалы дейді. Яғни, адам ұрлау, қыз зорлау, бұзақылық және күш қолдану баптары бойыша тергеліп жатқан жігіттерге тәртіп сақшылары көмектеспекші деген ойда.

Алматы облысының Есік қаласында осыдан бір ай бұрын төрт жігіт мейрамханадан шыққан Жібек Мусинованы күштеп көлікке мінгізіп, аудандық ішкі істер бөлімінің тура алдында жабылып зорлаған болатын. Сол сәтте-ақ қыздың ағалары екі күдіктіні ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырған екен. Алайда полицейлер оларды босатып жіберген. Кейін бұл жайлы ақпарат тараған соң, күдіктілердің барлығы ұсталды.

Сонымен қатар, қызметіне салғырт қараған Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімінің 4 полицейі жұмыстан қуылды. Десе де, 30 жастағы келіншек тергеу ісінің әділ жүретініне әлі сенбей отыр.

Жібек Мусинова, жәбірленуші:

-Қазір де далаға шығуға қорқамын. Адвокатпен кездесу керек болса ағаларым апарып, кері алып келеді. Мені қорлаған адамдар жазадан құтылып кете ме деген қорқыныш бар. Өз-өзіме келе алмадым.

bezymyannyj

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз