«Ешкімге айтпашы!». Студент қыздар министр Мұхамедиұлының ректор кезінде не істегенін айта бастады

10 914 просмотров

Қазақ ұлттық өнер университетінің бұрынғы ректоры, қазіргі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын аталған ЖОО-ның түлегі Еңлік Сыдықова жеңгетайлықпен айналысып, студенттерді азғырды деп айыптауда, деп жазады sn.kz.

Бұл туралы ол өзінің видеоүндеуінде жайып салды. Жас қыз 2011-2015 жылдар аралығында ҚазҰӨУ-де оқығанын айтып отыр. Оқуға түскен уақытында бойжеткенді Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кабинетіне шақырып, көңіл көтеруді ұсыныпты. Әрине, тегін емес. Студент қыздың бұл қызметін ол 3 мың АҚШ долларына бағалаған көрінеді. Ал, келісімін бермеген соң екеуара болған әңгімені ешкімге айтпауын өтінген екен.

Министрден азғындық көргенін Роза Бақтығалиева есімді әйел де айтып отыр. Оның хатын Facebook әлеуметтік желісінде Zhanara Akhmet есімді қолданушы жариялады. Хаттың қазақша мәтіні мынадай:

«Арыстанбек Мұхамедиұлымен (бұрынғы Әлиев) мен Астанада 1999 жылы кездестім. Ол кезде ол Президенттік оркестрдің басшысы болатын. 1999 жылдың күзінде А.Әлиев жатақханадағы менің бөлмеме кіріп, өзінің қызметтік пәтеріне баруымды бұйырды. Түсінгенімше, ол пәтерінде жалғыз емес-тін. Өйткені, «бізге жүр, күтіп отырмыз сені…» деді ол өз сөзінде. Сағатқа қарап, таң қалдым, таңғы төрт екен. Мен ешқайда бармайтынымды айттым. Ол болса мені естімегендей, «бол, бол» деп төбемде тұрып алды. Менің бөлмемнен шықпайтынымды білген соң, ол кетіп бара жатып «әлі өкінерсің» деп айтты. Осы жайттан кейін А.Әлиев (Мұхамедиұлы) мені қызметтен қуудың бар жолын қарастырды, бірақ қуа алған жоқ.

2000 жылдың 10 қазанында Әлиев (Мұхамедиұлы) үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттарына небәрі 1 апта уақыт қалғанда концертке дайындалу керектігін айтты (2 ай бұрын айтылуы тиіс). 17 қазанда ол маған бірде-бір нота айтқызбастан жұмыстан қуып жіберді. Менің орныма өзінің адамын алды. Алдымен өз арызыңды жазып кет деген, мен көнбеген соң ойдан жала жауып, өздері шығарып жіберді…», — дейді Роза Бақтығалиева өзінің хатында.

Ол сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлын қазіргі қызметіне лайықты емес екенін, оны қызметтен қуу керектігін де ашып жазған.

ea32d64ed801c7b23944943602c271e3_xl
forbes.kz

 

Загрузка...