Есентаеваның күйеуіне қатысты атышулы соттың басталуына тура 8 күн қалды

61 просмотров

Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты атышулы соттың басталуына тура  8 күн қалды. Сот отырысы 14 қыркүйекте Қаскелеңдегі Қарасай аудандық сотының ғимаратында өтетін болды.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал, соңғы  күндері түрлі сайттар Бақытбек Есентаев ісінің көпшілікке белгісіз сұмдық жай-жапсары жайлы жарыса жаза бастады. Олардың кейбірі, “Баян Есентаеваны күйеуі пышақтамастан бұрын алдымен зорлаған” деген ақпаратты құзырлы органдар  жайып салды деп жазған болатын. Бірақ, прокурорлар мұндай ақпаратты мүлдем таратпадық деп отыр.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.

348512

Загрузка...