Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ертіске экстрим үшін секіріп, жағаға шықпай қалған студент іздестіріліп жатыр

Бұл туралы yk-news.kz хабарлайды.

„Біз оны тірідей тауып алсақ қой деп отырмыз. Ол күні біз кешкісін отбасымызбен мешіттен шыққанбыз. Рүстем достарымен қыдыруға баратынын айтты. Біраз уақыттан соң оның досы маған қоңырау шалып, болған жайтты айтып берді. Кейіннен біздің баламыздың бұған дейін де Ертіске экстрим үшін секіріп жүргенін білдік.

Мен оған үнемі мұқият жүр деп ескертетінмін, өйткені жаңалықтардан нешетүрлі жағдайды естіп жатасыз. Рүстем бізді тыңдайтын. Бұл үлкен қателік болды. Суға секірмеу керек еді. Балгерлер әртүрлі жорамал айтып жатыр. Біреулері ол өзеннің түбінде десе, біреулері жаға шығып қалған, ес-түсін білмейді деседі. Әрине, біз соңғысына сенгіміз келеді„ – дейді бүгіндері өзін қоярға жер таппай отырған студент баланың әкесі өз сөзінде.

Заң колледжінің 1-курс студенті өзінің досымен Ертіс өзенінің „Ғашықтар аллеясы„ деп аталатын жағалауында қыдырып жүреді. Жігіттер алдымен суретке түскен, одан кейін екіншісіне өзін видеоға түсіруді сұрайды. Сөйтіп ол орындықта отырып, аяқ киімін шешеді. Бір уақытта ақырын басып, Ертіс өзеніне қойып кетеді. Біраз жүзгеннен кейін ол суға бата бастайды.

Сол кезде видеоға түсіріп жатқан екінші бала телефонын тастай салып, көмек сұрап жүгіре жөнеледі. Ары қарай оқиға беймәлім қалған еді. Белгілі болғандай, суға секірген жігіт сол күйі жағаға шықпаған. Қазір оны батты деген жерде құтқару қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз