Ертіс өзеніндегі балықтар жеуге жарамды — СЭС

41 просмотров

Ертіс өзенінен ауланған балықтар денсаулыққа қауіп төндірмейді. Судағы кейбір нормалардың төмен болуы да балықтар үшін қауіпті емес.

Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің айтуынша, Ертіс өзеніндегі балықтар жеуге жарамды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Естеріңізге сала кетсек, 10-13 шілде аралығында Павлодар облысының бірнеше аудандарынан судағы балықтардың өздігінен жағаға шығып, өліп жатқандығы жайында хабарлама тараған болатын. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бірден су мен балықтың сынамасын алды.

— Лабороториялық зерттеу нәтижесіне сүйенсек, суда балықтарға қауіп төндіретін қандай да бір зиянды заттар жоқ. Судағы кейбір нормалардың төмен болуы да балықтарға қауіп төндірмейді, — деді Ирина Сорокина.

Загрузка...