Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ертіс өзені тасып, Өскеменнің шетіндегі бау-бақша телімдерін басып қалды

122

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жанындағы дағдарысты орталықта шұғыл штаб құрылған. Халықтың қоңырауына жауап беретін арнайы телефон нөмірі қосылды. Оған бір тәулік бойына 356 қоңырау келіп түсіп үлгерген.

Құтқару бөлімінің қызметкерлері тәулік бойына жұмыс істеп жатыр. Олар мониторинг жүргізіп, су деңгейін бақылауға алған.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, облыста, әзірге жағдай тұрақты, ал Глубокий, Ұлан және Шемонайха аудандарында су басу бойынша мәлімет тіркелген жоқ.

Дегенмен аталған аудандардың су басу қаупі жоғары. Өйткені соңғы он күнде аймақтағы су қоймалары мен гидротехникалық нысандардағы судың мөлшері ең жоғары деңгейге жетті.

Ертіс өзенінің көтерілуіне аймақтағы екі ГРЭС-тен көп мөлшерде жіберілген су мен соңғы бірнеше тәулікте толсассыз жауған жаңбыр да өз әсерін тигізді.

IMG_5746

IMG_5741

IMG_5746

IMG_572

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз