«Ертең қырғын болады»! Чемпиондар лигасында Астанада ойнауға тағы да «Селтик» келді

74 просмотров

27 шілде күнгі «Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясындағы кездесуі кезінде кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайты.

«Сәрсенбі күні, яғни 27 шілдеде сағат 18.00-ден 23.00-ке дейін УЕФА чемпиондар лигасының үшінші електік сатысы аясында «Астана» футбол клубы Шотландияның «Селтик» командасымен кездеседі. Матч кезінде Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей – Жәнібек хандар көшесінен Хусейн мен Талас көшесіне дейін жабылады. Қала тұрғындарына Орынбор арқылы айналып өтуге кеңес береміз» деп, хабарлайды қала сайты. Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СК, Астаналық цирк, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы (шығыс жағынан) тұрақтардан жүреді.

Еске салсақ, 2013 жылы Қарағандының «Шахтері» Астанада Шотландияның «Селтигін» қабылдап, 2:0 есебімен сенсациялық жеңіске қол жеткізген болатын. Бірақ қарымта ойында қазақстандық клуб бұл басымдықты сақтай алмай, азулы қарсыласқа жол беріп қойған еді.

Загрузка...