Алдағы күндері Қарағанды облысында үсік жүруі мүмкін. Осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды.
Бұл туралы Қазгидромет ауа-райы болжамы мекемесі хабарлайды.
22-23 қыркүйектің түнінде Қарағанды облысының кей жерлерінде күн суытады. Әсіресе, облыстың солтүстігі мен шығысында сынап бағанасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжануда.