Ерлікпен қаза тапқан ақтөбелік сержанттың отбасына үш бөлмелі үй берілді

34 просмотров

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан батысқазақстандық Берікжан Қалиевтің отбасына үш бөлмелі пәтер берілді.

Берікжан Қалиев әскери бөлімге жасалған шабуылға тойтарыс беріп, өз өмірін құрбан етті.Оның артында зайыбы мен 4 баласы қалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен марқұмның отбасы жаңа қонысқа ие болды. Жергілікті кәсіпкерлер жаңа пәтерге тұрмыстық техника мен жиһаз алып беріп, демеушілік көрсетті.

— Жолдасым өте салмақты, ақжарқын, бәріне тек көмегін беруге дайын тұратын. Жұмысын бірінші кезекке қоятын. Жұмыс десе, жан-тәнімен беріліп істеді. Балаларына жақсы тәрбие беретін еді, — дейді Берікжан Қалиевтің жұбайы Нұрсұлу Қалиева

— Елбасымыз ешбір отбасы қараусыз қалмасын деген тапсырма берді. Осы тапсырмаға сәйкес бүгін Берікжан Қалиевтің отбасына, жолдасы мен төрт баласына осы үш бөлмелі пәтерді бердік. Жолдасы Нұрсұлу жұмысқа мектепке орналастырылды және бүкіл балалары осы шағынауданда мектепке және шағын орталыққа, балабақшаға жайғастырылды, — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов

Алдында теракт кезінде қаза тапқан батысқазақстандық әскери Берікжан Қалиевтің артында қалған жары мен төрт баласы жатақхананың бір бөлмесін 30 мың теңгеге жалдап тұрып жатқанын, отанасы жұмыссыз болғандықтан, әлеуметтік жағдайлары нашар екенін мәлімдегенбіз. Сол кезде ерлікпен қаза тапқан сержанттың отбасына қызмет орны мен әкімдік жағдай жасауға уәде еткен еді.

Загрузка...