Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ерлан Ыдырысов: Қазақстан Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

204

Жүздесуде сыртқы саясат ведомствосының басшысы Германия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы жетекші серіктестерінің бірі болып табылатындығын атап өтті.

«Біздің елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, федералдық және өңірлік деңгейлердегі экономикалық өзара әрекеттестіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеудің арқасында тұрақты түрде нығаюда»,- деп атап өтті Ерлан Ыдырысов.

Ол сондай-ақ Еуропа Одағымен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың бірі болып табылатындығын айтты.

Өз кезегінде Аксель Фишер «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясының жұмысына оң баға берді, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Одағымен ынтымақтастықты кеңейтуін құптады.

Кездесу барысында министр бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол бундестаг депутатының назарын реформаның екі секторына аударды: судья корпусын қалыптастыру тәртібін жетілдіру және сот өндірісін жаңғырту, сондай-ақ төрт сатылы сот құқығы жүйесінен үш деңгейліге ауысу және құқық саласындағы басқа да бірқатар жаңалықтар.

«Қазақстан диалогқа ашық және демократияны, адам құқығы мен заң үстемдігін күшейту мәселесінде Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті», – деп түйіндеді кездесуде Ерлан Ыдырысов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз