Ерлан Қожағапанов отставкаға кетті

90 просмотров

Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің отырысында Ерлан Қожағапановтың отставкаға кететіні мәлім болды. 

Айта кетелік, комитет отырысы бүгін өтті. Аталған жиында ұйым президенті Ерлан Қожағапановтың өз еркімен отставкаға кететіні келісілді. Қожағапановты орнынан босату туралы бұйрық 28-қарашада өтетін федерация конференциясында бекітілмек.

Айта кетелік, бұдан бұрын Қожағапановтың шетелде білім алуына байланысты, өз қызметін уақытша босатқаны хабарланған.

Қожағапанов Қазақстан футбол федерациясының басшысы қызметіне 2012 жылғы 24-желтоқсанында тағайындалған болатын.

450_55a3820956b97

Загрузка...