Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ерлан Хаиров ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды

Ерлан Қартайұлы 1978 жылы 15 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1999 жылы  «Халықаралық экономикалық қарым – қатынастар» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік Е.Бөкетов атындағы университетін бітірген.

1999 жылдан  2001 жылға дейін сыртқы экономикалық байланыстар саласында мемлекеттік органдарында жұмыс атқарды.

2002 – 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2004 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әкімшілік басшысының қызметін атқарды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін «Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының кеңесшісі.

2007 жылдан 2010 жылға дейін сыртқы байланыстар бойынша «Қазақтелеком» АҚ атқарушы директоры.

2010 жылы – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі АҚ Еуропа елдері бойынша өңірлік директоры.

2011 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің төраға орынбасары қызметіне тағайындалды.

2013 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы.

2014 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз