Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Еркеш Шәкеев баласының неден қаза болғанын айтып берді

Facebook-тегі жеке парақшасында Еркеш Шакеев өзіне қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргендердің барлығына алғыс айтты, ал өзіне деген ниеті бұзық адамдарды бетпе-бет кездесуге шақырды.

„Әр жылы сөздеріңізбен мені, менің отбасымды жылыттыңыздар, бұл біздің басымызды біріктіріп, тұтастырды. Жаныңа жақыныңды жоғалтып, өмір сүрудің өзі қандай қиын. Мен ақ жүректеріңізге, біздің отбасының қайғысымен бөліскен таза ниеттеріңізге тәнтімін„ деп жазды Шәкеев.

Сонымен қатар ол осындай қиын-қыстау кезінде де өзін білдіртпей шалып, сынап-мінегісі келетіндерге де қаратып сөз айтты.

„Оларға айтарым: кез келген импульсивтік әрекеттің кері айналып келетінін ойланып көріңіздерші, ондайда Сіздер мына бейшара қалыптарыңызбен сыртқы әлемнің қысымының бір пайызын да көтере алмайтындарыңызға сенімдімін. Сондықтан өздеріңізді, өздеріңіздің туған-туыстарыңызды аялаңыздар, олар тіпті Сіз секілділерді де жақсы көретін болуы керек. Әрине, оңбаған болу оңай емес шығар, менің Сіздерге шынымен де ішім ашиды. Мені байқатпай қағытып, шамасы келсе құлатып салғысы келетіндерді еркек құсап көзбе-көз сөйлесуге шақырамын. Уақыт табуға тырысамын, қазір менде уақыт көп„ деп жазады танымал композитор.

Әлихан Алтынбековтің қойған сауалына берген жауабында Еркеш Шәкеев баласының оқыс оқиғадан қаза болғанын айтады:

„… Есентай өзенінің дамбасындағы шлюзға тым жақындап кеткен. Ол арада жар опырылып кеткеніне сенімдімін. Өйткені оны соңғы рет көрген жерде, өзен жағасының топырағы жоқ. Бір куәгер оның судың шетіне келіп, бетін жуғанын айтты. Ал ол арадан қазір суға қолыңыз жетпейді…„

Еркеш Шәкеев Сафар туралы фильмді өзінің екі досымен түсіргенін айтады. Ол баласының туған күнін атап өткісі келген және баласын іздеуге ерік танытқан адамдарға арналған.

„25 жасқа толық толмаса да ол өз елін сыртта танытып үлгерді. Мүмкін Сіздер де балаларыңыздың туған күніне фильм түсірерсіздер. Бұл сіздің махаббатыңыздың белгісі болады. Барлық адамдарға шын жүректен сәттілік тілеп, өз бақытыңызды құруды ұмытпаңыздар дегім келеді. Маған тамаша бала сыйлап, оның бақытына бөленуге мүмкіндік берген Алла Тағалаға мың да бір рақмет! Бір-біріңізді қадірлеңіздер!„ деп жазбасын түйіндейді Шәкеев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз