Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Еркеш Шәкеев: Ата-аналар, балаңыздың досы кім екеніне назар аударыңыздар!

Рәсім аяқталған соң имам жұрттың көзінше әкесінен “Сафардың мына жалғанда қарызы қалды ма?” деп сұрады.

Әкесі:

“Балам ешкімге ешнәрсе қарыз емес. Ол адал өмір сүрді. Басында жабылмаған бір несиесі бар. Мініп жүрген көлігін өзім төлеймін деп несиеге алып еді. Бұл мәселені өзім жылдамырақ реттеймін”, – деп жауап берді.

Бұдан кейін имам жиналған қауымнан марқұмды қарыздары үшін кешіруді сұрады.

Одан кейін жиналған қауым алдына Еркеш Шәкеев шығып, баласы туралы тебірене сөз айтты. Қайғы жұтқан әке сөзінен көзіне жас алмаған адам болмады.

“Сафардың мінезі жайлы айтып әуре болмайын. Оның қандай адам болғанын, суретіне қарап-ақ біле берсеңіздер болады. Мемлекетіміздің мұндай адамнан айырылып қалғаны өкінішті. Бізге Сафар секілді адамдар ауадай қажет. Достарым балаларына “Сафардан үлгі алыңдар” деп айтатын. Мені жақсы танитын жандар өмірде түзу жолмен жүріп, әрдайым табандылық танытатынымды біледі.

Жер бетінде біреудің ала жібін аттап, қарыз да алып көрген емеспін. Нанымды адал тауып жедім.

Бұл менің ғана емес, отбасымның да тірегі.

Сафарды үлкен өмірге дайындап, спорттық жарыстарға қатыстырдым. Білім алуына жағдай жасап, тіл үйреттім. Оның өмірі тым қысқа болды. Бірақ жұлдыздай бір жарқ еткені анық. Арамызда ешбір түсініспеушілік болған емес. Ұзақ отырып сырласатынбыз да. Ол маған өмірімнің мәнін табуға көмектесті.

Дәл осы сәтті пайдаланып әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыма қатысты мәлімдеме жасағым келіп тұр. Өзім ашып оқымасам да, кей адам мен басылымдар Сафар туралы жағымсыз дүние жазғанын естідім.

Оны “әкесінің арқасында өмір сүріп жүрген ерке ұл” депті. Жоқ,

мен ешқандай да миллионер емеспін.

Сафар көзі тірісінде де “Әке, жұрт сізді достарыңызға қарап миллионер деп ойлайды” деуші еді. Мен олармен ақшасы үшін емес, тек адамгершіліктері үшін ғана дос боламын ғой. Біз қарапайым отбасымыз. Әйелім Жанна азық-түлікті Магнумнен барып сатып алады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, миллионерлер дәл сондай жерге бара ма?

Ата-аналар, балаларыңыз кіммен достасып жүргеніне назар аударыңыздар. Сафар соңғы кезде көптеген кездесуге барып, өзі бармауы тиіс жерде жүрген болар.

Бірақ,

оның шынайы достары алтын адамдар. Жандары жақсылыққа құмар балалар.

Оны іздеуге көмектескендері үшін де көп рахмет. Тәулігіне 1,5 сағат қана ұйықтап, сүрініп-жығылғанша іздеді.

Өмір осымен тоқтап қалмайды. Ол ары қарай да жалғаса береді. Отбасым мені ешнәрсе де сындыра алмайтынын түсінуі тиіс. Рас, өмірімнің мәні кеткендей күйде тұрмын. Күні кеше Элтон Джонның әріптестерімен бірге ән жазып жатқан болатынбыз. Қазір соның барлығы қажетсіз болып қалғандай.

Менің басымдағы жағдай сіздерге сабақ болуы тиіс. Өмірде махаббаттан өзгесінің бәрі бекер.

Осыны түсініңіздер. Қызғанышқа жол бермеңіздер. Біреуге деген қызғанышыңыз өзіңізге деген сый-құрметсіздігіңіз.

Жуырда дін өкілдерінен Сафарға дұға оқуларын сұраған едім. Ол табылмаса да, қоғам тазалықтың не екенін түсінсінші деген ой тұрды. Менің дәл осылай айтуға құқығым бар. Өйткені бүгін мен өмірімде ең үлкен сабақ алдым, соққы алдым”.

Композитор өмірінде балаларының өліміне куә болудан қорыққан екен. Жұбайы екеуі осы күнге дейін төрт бала тәрбиелеген.

5I9A8656

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз