Белгілі продюсер, актер Нұртас Адамбай Баян Мақсатқызын жақтап шығыпты. Оның айтуынша, соңғы кездері бұл кісінің атына қарата айтылатын жөн-жосықсыз пікірлер көбейіп кеткен. “Біреудің жүріс-тұрысын аңдығанша, алдымен өз өмірімізді түзейік”, дейді Адамбай.
Бүгін өзім үшін жақсы жаңалық естідім. “Тараз” фильмін тамашалаған Баян Мақсатқызы киноға қайта оралатынын айтыпты. Алдымен фильмді тамашалағаны үшін алғыс айтамын. Бірақ, айтпағым бұл емес. Әлеуметтік желіде Баян Мақсатқызының атына кір келтірген, орынсыз соқтыққан пікірлерді оқып қалдым. Арасында әйелдер ғана емес, еркектер де жүр. Өтірік-өсек.
Ал еркектерге не жоқ? Баян сіздерге не жазды?
Өз басым Баянды баяғыдан танимын. Ол өте мықты әйел. Алайда қанша дегенмен ол – нәзік жанды.
Сондықтан оған қатысты лас пікір жазарда алдымен ойланып алыңдар. Егерде ол өзіне қысым жасағанға қарсылық таныта алмайтын әлсіз әйел деп ойласаңыз қателесесіз.
Еліміздегі ер-азаматтардың көпшілігі Баян үшін тұрып беруге бар. Соның бірі – менмін.
P.S. Еркектер, еркек болып қалайық. Ер-азамат деген атымызды сақтайық. Ал әйелдер, сіздер алдымен өз өмірлеріңізді түзетіп алыңыздаршы…