Продюсер Бағым Мұхитденова өзінің Инстаграмдағы парақшасында Ерке Есмаханның жаңа әнін көпшілік назарына ұсыныпты.
“Жақында Ерке Есмаханның жаңа хиті мен оған арналған видеоклип жарыққа шығады” деп жазған екен продюсер.
Ал әннің аты “Әйел бақыты” деп аталады. Өз кезегінде әлеуметтік желідегі тыңдарман қауым туындыға оң баға берген екен. Әннің атауының өзі көп нәрсені аңғартып тұрғандай…