Ерке Есмаханның ғашығы төсегін гүлмен көмкерді (фото)

917 просмотров

«Алло» әнінен кейін жұлдызы жанған Ерке Есмахан бүгінгі күні Инстаграм желісінің белсенді қолданушыларының бірі. 

Аталған әлеуметтік желідегі парақшасында Ерке үзбей жаңа суреттерін жариялап тұрады. Бұл жолы да сөйтіпті.

Осы жолы Ерке әдемі гүлдестелерімен безендірілген ақ төсекте отыр. Мұны көрген желі қолданушылары Еркенің сүйіктісі бар деп болжапты.

Айтпақшы, Қазақстанның қай түкпірінде жүрсе де, әдемі гүл шоқтарын тарту ететін белгісіз жан туралы Ерке бұған дейін де айтқан болатын.

«Қостанайдың түндері тынық екен. Серуендеп келдім. Жатар алдындағы серуен жақсы ұйқының кепілі. Ал мына гүл шоғы мені әр қаладан өзі болмаса да, жып-жылы сәлемі тосып тұратын алыстағы жаннан. Иісін сезіп тұрсыздар ма?! Күшті!», — деп мақтанды әнші.

Арада аз уақыт салып әнші Инстаграмға  сол гүл дестелерімен жүрек бейнесінде безендірілген ақ төсектің суретін жариялады. Алайда кейбір желі қолданушылары мұны жақтырмапты. «Бұл қылығың әдепсіздік. Ғашығыңыз болса, жасырмай айтпайсыз ба?» деген екен желідегі қауым.

13636025_990506647713971_1907603862_n

Загрузка...