Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ерке Есмахан әлеуметтік желі арқылы жұртқа әке-шешесін таныстырды

– Суреттегі менің әкем мен анам. Кейде балалық шағымды еске алсам, анамның басына қалпақ киіп, үстіне желмен бірге желбіреп тұратын көйлегін киіп, папама еріп қонаққа, киноға кетіп бара жататын сәттері анық есімде. Әкем қашан да жұмыста, үйде болса, бақшадан, ауладан өзіне жұмыс тауып алатын. Әлі де сол, қолы қалт етсе, аулада шеге қағып немесе бақша суарып жүргенді жақсы көреді. Анам үй ішіндегі “ауа райын” әрдайым қолайлы етіп отырады.  Өзім ана болғалы ата-анамның қадіріне ешнәрсе жетпейтінін ұқтым.

Менің баға жетпес асылдарым, қазір екеуі инстаграм парақтап, Ерке не жазды екен деп отырған болар. Осы жазбамды оқып отырсаңыздар, мен сіздерді шексіз сүйемін, – дейді Ерке Есмахан.

Артынша әнші әке-шешесінің расымен инстаграм желісінде отыратынын айтты. Мұны естіген жұрт таң қалысты. Мұнымен қатар, олар Ерке Есмаханды әкесіне ұқсатты. «Қандай бақытты жансың! Анаң мен әкеңе ұзақ ғұмыр берсін! Алла жар болсын жанұяңа», «Ата-анаң аман болсын! Ерке Пшәнайыңмен бақытты өмір сүріп, әніңді шырқай бер», «Жүздеріңнен әрқашан күлкі кетпесін» дейді желі қолданушылары.

dalanews-erke_esmahan-840x420

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз