Эрик Тастембеков: «Келінімнің қай ұлттан екені маңызды емес»

1 219 просмотров

Продюсер Эрик Тастембеков келін түсіріпті. 

Бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазыпты.

«Балаларым менің, Дамир мен Вика, сендерге бақыт пен махаббат тілеймін. Махаббаттарың баянды әрі ғұмырлы болсын» деген екен продюсер.

Осыған орай ол той үстіндегі бірқатар суреттермен бөлісіпті.

1

Алайда әлеуметтік желідегі қауым продюсердің ұлы Дамирдың таңдауын құптамапты. «Қазақ таппай қалды ма ұлыңыз», «Шешесі орыс балалар ешкашан қазақ болмайды, орысша тәрбиеленіп кетеді», «Қазақтың кең даласында ай десе аузы, күн десе көзі бар қазақтың сұлулары жеткілікті ғой. Сіздей әйгілі адамдардың бөтен ұлтпен құда болғаны өкінішті» деп жазыпты әлеуметтік желідегі қауым.

2

Сырт көздің сөзі мен сыны продюсердің шамына тисе керек, желі қолданушыларына бірден жауап қатыпты:

«Мен ештеңеден ұялмаймын. Керісінше, ұлым үшін мақтанамын. Мен үшін оның жарының қай ұлттан екені маңызды емес. Маған олардың бақытты болғаны керек. Әрбір ата-ана балаларының бақытты болғанын қалайды. Ал намыс туралы айтар болсам, мен Қазақстан үшін сізге қарағанда әлдеқайда көп нәрсе істедім. Менің шәкірттерім көптеген халықаралық байқауларда ел намысын қорғады. Сондықтан мені ұялтатын сіз емес…» деп жазыпты» Эрик Тастембеков.

 

Загрузка...