Еревандағы полициямен қақтығыста 60 адам жарақат алды

10 просмотров

Армения астанасында полиция мен ереуілшілер арасында қақтығыстан 60 адам жараланды.

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Тәртіпке бағынбаған 100-ден астам бұзақы қамауға алынған. Қақтығыстардан кейін 60 адамның ауруханаға түскенін елдің денсаулық сақтау министрлігі растады.

Арасында оққа ұшып ауыр жараланғандар да бар. Полиция мен ереуілге шыққандар арасындағы қақтығыс Ереванда қарулы топ басып алған полиция бекетінің қасында болған. Наразылық білдіруші топ полиция бекетіне бекініп, жедел жәрдем қызметкерлерін кепілде ұстап отырған оппозиция мүшелерінің жақтастары.

Естеріңізде болса, қарулы топ 17 шілде күні полиция бекетіне басып кіріп, ондағыларды кепілдікке алды. Бірақ бір аптадан кейін олардың барлығын босатып, өздері берілмей, полициямен атыс ашқан.

Сөйтіп жараланғандарға жәрдем беруге келген 3 ақ халаттыны кепілге алды. Олар үкіметтен қамауда отырған оппозиция мүшелерін еркіндікке жіберуді талап етуде. Ал билік бұл талапты орындауға ниетті емес.

Загрузка...