Ереванда полиция бөлімшесін басып алғандар дәрігерлерді кепілге алды

42 просмотров

Ереванда полиция бөлімшесін басып алғандар атыс кезінде жараланғандарға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем дәрігерлерін кепілге алды.

Бұл туралы Армения полициясының қоғаммен байланыс басқармасының бастығы Ашот Агаронян мәлімет етті деп хабарлайды Sputnik.

Оның айтуынша, жедел жәрдемнің 4 дәрігері кепілге алынған. Олар басып алынған территорияда жарақаттанған екі адамға көмектесуге барған.

Қазір Армения құқық қорғау қызметкерлері дәрігерлерді босату үшін келіссөз жүргізуді бастап кетті.

Ереванда қолында қаруы бар бір топ адам 17 шілдеде полиция бөлімшесін басып алып, ондағы полиция қызметкерлерін кепілге алған. Оппозиция көшбасшысы Жирайр Сефилянды босатуды сұраған олар әлі орнынынан тапжылған жоқ. Халық та олардың сұрауына қосылып, бейбіт шеруге шыққан.

Бүгін Ереванда құқық құрылымы өкілдері мен полиция бөлімшесін басып алғандар арасында атыс болған. Салдарынан екі адам жарақаттанған.

Загрузка...