Ереванда қарулы топ жергілікті полиция ғимаратын басып алды

35 просмотров

Қаруланған бір топ адам Еревандағы Эребуни ауданындағы полиция бөлімшесін басып алды. Олар қаруды заңсыз сатып алды және сақтады деп айыпталған Жирайр Сефилянды босатуды талап етті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қаруланған адамдар қаруды заңсыз сатып алды және сақтады деп айыпталып қамауда отырған Карабах қақтығысының қатысушысы, радикалды оппозициялық «Жаңа Армения» қоғамдық құтқару фронтының жетекшісі Жирайр Сефилянды босатуды сұрап отыр.

Ғимаратқа әскерилер тартылды. Полиция баспасөз қызметінің басшысы Ашот Агаронян жақын арада полиция ресми мәлімдеме жасайтынын айтты.

Қазір Эребуни ауданына баратын барлық жолдарды жапты, деп хабарлады РИА Новости.

22 маусымда Ереванның Арабкир және Канакер — Зейтун әкімшілік аудандарының жалпы юрисдикциялық соты Сефилянды «бір топ тұлғалармен бірге, алдын ала келісім бойынша бірнеше қару-жарақ пен оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» айыбы бойынша екі айға қамау туралы шешім қабылдады.

Ал Сефилян тергеуге жауап беруден бас тартты.

Загрузка...