Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ердоғанның Путиннен кешірім сұрағаны рас па?

“Ресей Федерациясының президенті Путин Түркия президенті Ердоғаннан хат алды, онда түрік лидері ресейлік әскери ұшақтың пилотының қазасына байланысты жағдайды реттеуге мүдде танытып отырғанын жеткізді”, – деді Песков тілшілерге. 

“Ердоған болған оқиғаға байланысты терең күйзеліспен көңіл айтып, Түркия мен Ресейдің дәстүрді достастық қарым-қатынасының қайта орнығуына, сонымен қатар өңірдегі дағдарыс оқиғаларына бірігіп жауап қатуға, терроризммен күресуге бар мүмкіндікті жасайтынын жеткізді”, – деп атап өтті Песков. 

Еске салайық, Сирияда антитеррористік операцияға қатысып жатқан Су-24 ұшағын 2015 жылдың 24 қарашасында түрік әскерилері атып түсірген болатын. Ресейлік ұшақтың экипаж командирі Олег Пешков парашютпен жерге қону кезінде қаза тапты – оған жерден оқ атылған. Осы оқиғадан кейін бұзыла бастады.

БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының “әуе-әуе” түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған.

kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз