Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ердоған Түркиядағы мыңнан астам мектепті жабуды талап етті

Түркия президентінің жарлығына сәйкес, бүлікті қолдаушылармен байланыста болған деген күдікке ілінген мемлекеттік қызметкерлер бұдан кейін мемлекеттік ұйымда жұмыс істеу құқығынан біржолата айырылады.

Бұл елде әскери төңкеріс жасауға әрекет сәтсіздікке ұшыраған соң төтенше жағдай енгізілгелі бері Түркия президентінің алғашқы жарлығы. Бүлікке қатысы бар деген күдікпен он мыңнан астам адам ұсталған. Күдікке ілінгендерді мемлекеттік қызметтен жаппай босатып жатқаны туралы хабарлар тарады.

Түркия билігі 16 шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деп Фетхулла Гүленді айыптайды. Гүлен Түркиядағы әскери төңкеріс жасау әрекетін айыптап, өзіне Анкараның таққан айыбын үзілді-кесілді жоққа шығарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз