Ердоған: «Стамбұлдағы терактіні Ресей мен Орта Азиядан шыққан лаңкестер жасады»

651 просмотров

Түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Ататүрік әуежайындағы терактіні кімдер жасағанын айтып берді.

«Терактіге қатысы бар деген адамдардың саны 30-ға жетті. Олардың әрекетінің түпкі мақсатын анықтағасын біз маңызды әрі нақты шешімдер шығармақпыз…Терактіні жасағандар Ресей (оның ішінде), Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары. Өкінішке орай, бізбен көршілес орналасқан әрі әріптестік байланыста деген мемлекеттердің азаматтары лаңкестікке тікелей қатысы бар» деді Ердоған.

Оның айтуынша, терактіні «Ислам мемлекеті» ұйымдастырған.

Айта кетсек, Стамбұлдағы Ататүрік әуежайында болған жарылыстан 44 адам қаза тапты, 239 адам жарақат алды.
Терактіні ұйымдастырған адам ретінде түрік билігі Шешенстан азаматы Ахмед Чатаевтан күдіктенуде. Түрік билігінің дерегінше, Чатаев Доку Умаров басқаратын «Имарат Қапқаз» қылмыстық тобының құрамында болған. Умаров қаза тапқаннан кейін «Ислам мемлекетінің» қатарына өткен.

Ал «Ислам мемлекеті» өз кезегінде әуежайдағы жарылыстарға қатысы барлығын жоққа шығарып отыр.

Загрузка...