Астанада Н.Назарбаевтың төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған жиын өтуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында жазды.
Отырыс барысында белгілі болғандай ҚР Ұлттық Экономика министрі Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев отставкаға кеткен. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс берілген. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.